Ел Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының мүшелері "Өз еліңді тани біл де, сүйе біл" тақырыбында эссе жазды.
Мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту. Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, атамекенге деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру. Оқушыларды елін, жерін сүюге, байлығын қорғауға, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
«Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының мүшелері «Жас Ұлан» ұйымының «Отан» бағыты бойынша "Өз еліңді тани біл де, сүйе біл" тақырыбында эссе түріндегі жұмыстарын тапсырды. Ұйым мүшелері шығармашылық жұмысқа белсене қатысты.