8(7112) 22-85-97

Қайырымды істер марафоны жалпыұлттық жобасы аясында дүниежүзілік панасыз жануарлар күні туралы ақпарат беру

2021 жылғы сәуір айына арналған Қайырымды істер марафоны жалпыұлттық жобасы аясындағы шаралар жоспарына сәйкес мектеп-лицейіміздің 6 а, 6ә ,6 б сыныптарында «Дүниежүзілік панасыз жануарлар күні», «Қайтарымсыз көмек», «Панасыз жануарларға көмек» атты сынып сағаттары оздырылды.

Мақсаты: Әлемдегі 600 миллионнан астам панасыз жануарларға ерекше күтім жасау қажеттігі жөнінде хабардар ету,  оқушыларды қамқорлық танытуға шақыру, қайырымды істер марафонына қолдау көрсету,  жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту.

Сынып сағаттары онлайн форматта ZOOM платформасы арқылы өтті.

Сынып сағаттары барысында ең алдымен тақырыпты ашу мақсатында панасыз жануарлар  туралы бейне сабақ көрсетіліп, оқушылар өз ойларымен бөлісті. Оқушылар әр елдегі ит жануарына арналған ескерткіштер туралы презентацияларын қорғады. Оқушылар сынып сағатына белсенді қатысып, соңында «Панасыз жануарларға көмектесе аламын ба?» тақырыбында эссе жазды.