8(7112) 22-85-97

«Құқықты мемлекет» ашық сынып сағаты

Тәрбие бөлімінің айлық жоспарына және «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы жоспары шеңберінде 9а сыныбында Данияр Есенжолұлы мен Эльмира Орынбасаровна   «Құқықты мемлекет» ашық сынып сағатын өткізді.

Мақсаты:  Оқушыларға құқықтық мемлекеттің түсінігі мен қағидалары және мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі, мемлекет пен қоғамның өзара қатынасы туралы мәліметтер беру. Сондай-ақ құқықтық мемлекеттің заңнамалары мен қағидалары туралы айта отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Ашық сынып сағаты барысында құқық пәнінің мұғалімі, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жетекшісі Э.О.Орынбасарова заңнамалар турасында мәлімет берді. Сынып жетекші Д.Е.Құрманғалиев тарапынан сұрақ-жауап түрінде жұмыс жүргізілді және оқушылар өз ойларымен бөлісіп, жұмыстарын презентация арқылы қорғады.