8(7112) 22-85-97

«Қауіпсіз интернет»

8б сыныбының ата-аналарына «Қауіпсіз интернет» тақырыбында жиналыс оздырылды. Жиналыс барысында балалардың Интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты Интернет-қызметтерде ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату үшін ақпараттар берілді.

Мақсаты: Кәмелетке толмағандардың, ата-аналар мен мұғалімдердің назарына агрессивті Интернет мазмұнының мәселесіне хабардарлығын арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізуді қамтамасыз ету, интернет-ресурстарды пайдаланудың мәдениетін арттыру, кәмелетке толмағандарға қатысты Интернет белсенділігін бақылаудағы  Интернет қызметін ересек пайдаланушылардың жауапкершілігін жоғарылату.

Жиналыс барысында баланың ғаламтордағы қауіпсіздігі туралы жадынамамен таныстырылды. Жадынамада ата-аналарға балалардың ғаламтор желісінде еркін жүзуіне жол бермеу, компьютердің, планшеттер мен смартфондардың браузерлеріндегі сайттарға кіру тарихын үнемі қадағалап қарап отыру,  тіркелген YouTube каналына үнемі назар аудару жөнінде кеңес берілді.  «Facebook», «Вконтакте», «Одноклассники», «Мой мир», «Instagram» әлеуметтік желілеріндегі виртуалды достарына назар аудару керектігі айтылды. Жеке компьютерлерге, ноутбуктер, планшеттер мен смаортфондарға «Ата-ана бақылауы» сервисін қою туралы ұсыыс білдірілді.

Сондай-ақ келесі бейнематериалдар көрсетілді.