8(7112) 22-85-97

«Мейірімділік жүрекке жылу сыйлайды» вебинар-кездесу

8 сәуір күні «Мейірімділік жүрекке жылу сыйлайды» тақырыбында онлайн вебинар-кездесу өтті. Шараның басты қонағы: «Jas Otan» ЖҚ БҚО филиалы төрағасының орынбасары, «Балаларға базарлық» аниматорлар орталығының жетекшісі, қоғам белсендісі, ерікті, қазақ тілінің жанашыры Ерлік Мерекеұлы Шамғалиев.

Шараға 6а, 6ә, 6б, 7а, 7ә сынып оқушылары, сынып жетекшілері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.С.Иманиязова, мектеп тәлімгері, әлеуметтік педагог қатынасты.

Мақсаты:  Қайырымды істер марафоны жалпыұлттық жобасы шеңберінде оқушылардың  қайырымдылық, мейірімділік, адамгершілік құндылықтар туралы түсініктерін кеңейту, волонтерлік ұғымы туралы кеңінен түсіндіру, жақсылық жасауға шақыру, қайырымды істер марафонына қолдау көрсету.

Вебинар кездесу онлайн форматта ZOOM платформасы арқылы оздырылды. Шара барысында мейірімділік сөзі топтастырылып, оқушылардан мейірімді адамдардың бойында болатын қасиеттері ой қозғау әдісі арқылы анықталып алынды. Содан кейін оқушыларға ерікті сөзінің шығу тарихы, ерікті адамдар немен айналысатындығы, ерікті болу не беретінін, Қазақстанда еріктілердің жұмысы қалай жасалып жатқандығы жайында ақпараттар берілді.

Шара қонағы Ерлік Мерекеұлы Шамғалиевке оқушылар сұрақтарын жолдап, керемет сұхбат болды. Кездесу жоғары деңгейде, өте әсерлі өтті. Кездесу Гүлдана Сайлауқызының қорытынды сөзімен аяқталды.