2021 жылдың 18 ақпанындағы №133 бұйрығымен бекітілген «Өзіңнен баста!» экологиялық жобасы шеңберінде 8-сәуір күні Облыстық экологиялық-биологиялық орталығының әдіскері Кужбанова Светлана Мажитовнаның қатысуымен мектеп–лицейіміздің 9-10 сынып оқушыларына арналған вебинар-кездесу өтті.
Мақсаты: Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауының 95-тармағын іске асыру, жаһандану заманында жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбиені жетілдіру, патриоттық сезімін қалыптастыру мақсатында «Өзіңнен баста!» жобасына үлес қосу.
9-10 сынып оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоғамға үлес қосу дағдыларын дамыту мақсатында Кужбанова Светлана Мажитовнамен ой өрбітіп, оқушылар өз пікірлерін ортаға салды.
Маманның кеңесі, іс-тәжірибесі оқушыларға үлкен ой салды.