Қабілетті оқушылармен жұмыс түрлерінің бірі - ғылыми жобалар. Мектебімізден 9-12 ақпан аралығында өткен Республикалық ғылыми жобалар конкурсының 4-ші (қорытынды) кезеңіне 6 оқушы (командалық) қатынасты
Қатынасқан барлық оқушыларымыз Республикалық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздары атанды. І-орын Серік Мадина, Тналиева Гаухар тақырыбы «Димаш Құдайберген шығармашылығының қазақ мәдениеті мен тарихын әлемге танытудағы ролі» (этномәдениеттану секциясы), жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Орынбасарова Э.О, І-орын Адилов Сержан, Турсунова Мерует тақырыбы «Шудан электр энергиясын алуға арналған құрылғы» (техника секциясы), жетекшісі информатика пәнінің мұғалімі Саимова Ф.Б, ІІІ-орын Қадырболат Ринат, Сагинғали Баянсулу тақырыбы « Ғарыштық әуе кемесіне арналған тіршілікті қолдау жүйесі» (жер және ғарыш туралы ғылымдар секциясы) жетекшісі физика пәнінің мұғалімі Мамыр А.Р. Шәкірттеріміз бен ұстаздарымызды үлкен жетістіктерімен құттықтаймыз!