Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының ұйымдастыруымен республикалық қашықтықтан көптеген шаралар жүргізілді.
Жас ұрпақтың назарын экология мәселелеріне аудару, оқушыларды жалпыадамзаттық рухани-адамгершілік құндылықтарға, әлемге, табиғатқа, экологияға және қоршаған ортаны сақтауға ұқыпты қарауға тәрбиелеу мақсатында 5-9 сынып оқушылары арасында қашықтықтан өткізілген республикалық "Экология және жердің болашағы" атты эссе байқауында 9 "Ә" сынып оқушылары Мұрат Камила ІІ орынға, Мұнайдар Азиза ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі қазақ тілі және әдебиеті пәнінің бірінші санатты мұғалімі Светлана Адилхановна Беккужиева
Оқушыларымызды және пән мұғалімін жетістіктерімен құттықтаймыз!