9 сәуір күні 4-5 сыныптар арасында «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді.
Мектеп оқушыларының жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындығын жақсарту және пән бойынша ерекше қабілетті балаларды анықтау, олимпиада резервін қалыптастыру мақсатында «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығы ұйымдастырған, 4-6 сынып оқушылары арасында қашықтықтан өткізілген «Алтын сақа» математикалық олимпиадасында облыстық кезеңінде
мектебімізден қатынасқан 6 "Б" сынып оқушылары Ижанова Арайлым мен Шынболат Тамерлан ІІ орынға, ал командалық есепте мектеп-лицейіміз ІІІ орынға ие болды.
Жетекшісі математика пәнінің мұғалімі: Батыргалиева Айнұр Қанатқызы
Оқушыларымызды және пән мұғалімін жетістіктерімен құттықтаймыз!