8(7112) 22-85-97

"Оқуға құштар мектеп" жобасы

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында мектеп-лицей кітапханасында 5-сыныптарға «Қажымұқан Мұңайтпасұлы – қазақ даласының батыры» тақырыбында тәрбие сағаттары оздырылды.

Мақсаты: Жас оқырмандарды көркем әдебиетке баулу, кітап оқуға, ізденімпаз болуға шақыру. Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы, теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты XX ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болғаны туралы ақпар беру, Ресейдің балуандар тобында Қажымұқаннан күші асқан ешкім болмағанын оқушыларға насихаттау.

Тәрбие сағаттарында кітапханашы Аякоз Мендигалиевна жас оқырмандарға Қажымұқан Мұңайтпасұлы туралы тың деректер беріп, атақты палуанның ерлігі туралы оқушылармен пікір алмасты.  Жас оқырмандар Қалқаман Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» повесінен алған әсерлерімен бөлісіп, сөзжұмбақтар шешіп, тәрбие сағатына белсене қатысты.