8(7112) 22-85-97

Әлеуметтік желідегі қауіпсіздік ережелері

Қазіргі заманда қажеттілікті тудырып отырған бүкіл ғаламдық күш ретінде ғаламтор желісі Қазақстандық жасөспірімдердің өміріне әсер етуде. Оның адам баласына берер пайдасы мен зияны да жетерлік. Адам ұялы сымтетіктер мен компьютерлерге отырған кезде міндетті түрде интернетті пайдаланады.

VK, YouTube, Google, Instagram, WhatsApp, Facebook сынды сан мың  әлеуметтік желілер алысты жақындатып, осы шақтағы уақытта адамдардың бір-бірімен байланысуына және түрлі мағлұматтар алуына, тіпті бейнебайланыс орнатуға септігін тигізуде.

Осындай жағдайда, желі этикасын сақтап, желідегі қауіпсіздік ережелерін білу - әр оқушының міндеті. 

Осыған байланысты ағымдағы жылғы 4 сәуір – Халықаралық интернет күніне орай дәстүрлі түрде ұйымдастырылып жүрген «Қауіпсіз интернет» кампаниясын өткізу аясында №41 мектеп-лицейінде информатика пәнінің мұғалімі Анаргүл Сағындыққызы Бекенова «Әлеуметтік желідегі қауіпсіздік ережелері»   тақырыбында вебинар өткізді. Вебинарда әлеуметтік желі туралы видеороликтер көрсетіліп, желідегі қауіпсіздік ережелерімен таныстырылып, интернет ресурстарын қолдану  мәдениетін қалыптастыру жолдары баяндалды.

Вебинар оқушылардың  графиктік редакторда салған «Қауіпсіз интернет» атты суреттері бойынша өз ойларын білдірумен  және quizizz.com платформасында дайындалған осы тақырыптағы викториналық сұрақтарға жауап берумен аяқталды.