8(7112) 22-85-97

Мұғалімдер арасындағы V облыстық олимпиадасының қалалық кезеңінің қорытындысы

Орал қаласының білім беру бөлімі БҚО  білім басқармасының 19.03.2021 жылғы №203 бұйрығына сәйкес 2021 жылдың 13-14 сәуір күні пән мұғалімдері арасында V  облыстық олимпиаданың қалалық кезеңі өткізілді.

Пән мұғалімдері арасынан шығармашылықпен жұмыстанатын, тұлғалық және кәсіби шеберлігімен айналысатын мұғалімдерді қолдау, шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтерді анықтау мақсатында өткізілген мұғалімдер арасындағы V облыстық олимпиадасының қалалық кезеңі 13-14 сәуір күндері өткізілді. Тарих пәнінің мұғалімі Орынбасарова Эльмира Орынбасаровна Гран-при, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Нурсапина Светлана УтешовнаІ-орын, орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Кдрашева Эльмира Аклбековна , өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Тәжен Сандуғаш Сергейқызы, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Айнур Уахитовна Сисенова, көркем еңбек пәнінің мұғалімі Баймурзина Самал Акедиловна «Алғыс хатқа» ие болды.