8(7112) 22-85-97

«Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» V Республикалық байқауының қалалық кезеңінің қорытындысы

Қалалық білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес жас мамандар арасында «Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» V Республикалық байқауының қалалық кезеңі өтті. Байқау  жас педагогтардың әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық әлеуетін белсендіру, әрі қарай кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау және оларды Қазақстан Республикасының білім мекемелерінде бекіту мақсатында инновациялық белсенділіктерін дамыту аясында өткізілді.

Байқауға қатысқан жас мамандар келесі тапсырмаларды орындады: Бірінші тапсырма - «Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз»  тақырыбында эссе жазу. Екінші тапсырма-«Шығармашылық жолдың бастамасы» бейнепрезентациясы. Байқауға қатысушы өзін таныстырып, мамандығына деген көзқарасын ұсынды. Үшінші тапсырма-«Ашық бейнесабақ». Байқауға жалпы орта білім беретін пәндер бойынша төртінші тоқсанда өтетін бейнесабақтар қабылданды.  Байқауға мектебімізден қатысқан педагог-модератор, математика пәнінің мұғалімі  Батыргалиева Айнұр Қанатқызы ІІ-орынға ие болды.