Қалалық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті жоспарына сай математика пәні мұғалімдерінің арасында VIII шығармашылық байқауының қалалық кезеңі өтті. Мақсаты: математика пәні мұғалімдер арасынан оқушыларды пән олипиадаларына, конкурстарға дайындаумен және кәсіби шеберлігін көтерумен айналысатын мұғалімдерді қолдау.
Қатысушыларға тапсырма 2 блогта беріледі.
№1 «Математикалық» (шығаруға арналған есептер);
№2 «Әдістемелік» (мұғалімнің күнделікті жұмысының үлгісін жасаудан тұратын тапсырмаларды қамтиды).
Байқауға мектебімізден қатысқан математика пәнінің мұғалімі педагог-сарапшы Капашева Гулжамал Нуржановна ІІ-орынға ие болды.