8(7112) 22-85-97

Киберқауіпсіздік

Бүгінгі күні киберқауіпсіздік күллі әлем үшін аса маңызды мәселеге айналып отыр. Себебі технология қарыштап дамыған сайын хакерлер жеке адамдардың деректеріне ғана емес, ірі компаниялар мен ресми органдардың сайттарына да шабуыл жасай бастады. Бұл ретте Қазақстан да киберқауіпсіздік мәселесіне ерекше назар салуда. Киберқауіпсіздікті нығайту – ел тыныштығын сақтауда аса маңызды.

Қазіргі таңда киберкеңістіктің күннен-күнге маңызы артып келеді. Кибершабуылдар экономикалық зиян шектіреді, онлайн-қызметтерге қоғамдық сенімді кетіреді және азаматтарға, олардың меншіктері мен құпиялығына залал келтіреді. Қазақстанда бұл мәселе қалай болып жатыр, балалар өз құқықтарын біледі ме және олар бұл туралы не біледі деген үлкен қызығушылық тудырды. Ол өз сөзінде қазіргі кезде жасөспірімдерде ғана емес, бүкіл қоғамымызда - отбасында, мектепте, аулада, әсіресе жабық оқу орындарында, балалар үйінде  мамандандырылған мектеп-интернаттарда, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қатысты және т.б.  өте жиі кездесетін буллинг (бұзақылық) пен кибербуллинг (киберқауіпсіздік) сияқты құбылысқа үлкен назар аударды. Кибершабуылдар оңай құпиясөздер, жеке деректерді жариялау сынды адами немқұрайлылық пен абайсыздықтардан туындайды. Осыған орай №41 мектеп-лицейінің информатика пәнінің мұғалімі Ф.Б.Саймова 10 сынып оқушыларына «Киберқауіпсіздік» тақырыбында вебинар өткізді. Вебинарда киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету маңыздылығы, пайдаланушының компьютеріне енген зиянды бағдарламалар сияқты негізгі проблемалар жайлы анықтамалар ұсынылды. Вебинардың соңында киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар берілді. Оқушылар  өз ой-пікірлерін білдірді.