Денсаулық күні аясында 5-сыныптар арасында спорттық-эстафеталық «Толағай» командалық сайысы оздырылды.
Мақсаты: Оқушыларды ойын кезінде өзін-өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Төзімділік, жылдамдық, ептілік деңгейін дамыта отырып, дененің жалпы даму сапасының артуына, ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге баулу.
Мектепішілік спорттық-эстафеталық «Толағай» ойыны командалар арасында ойнатылды. 5-сыныптар арасынан үш команда сайысқа түсіп, әділқазылар шешімімен 5 ә сыныбының командасы оза шауып, I орынды иеленсе, II орынды 5 б сыныбының командасы, III орынды 5 а сыныбының командасы иеленді.
Жалпы барлық командалар жақсы ойын өрнегін көрсетіп, ойын командаларды марапаттау сәтімен өз мәресіне жетті.