Махаббат – дүйім дүниедегі ең асыл, кіршіксіз сезім. Махаббатсыз адамға өмір сүру өте қиын, ол сезімсіз, жансыз болады. Махаббат, сүйіспеншілік бұл әлемді мейірімдірек әрі жарыктау жасап, өмірге нәр, ерекше көрік береді. Махаббат пен құрмет - адамдардың қарым-қатынасының басты ұстанымдары. Осы ұлы сезімнің шырқау шыңына көтерілген сезімге адал, сертке берік Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу шынайы махаббаттың символы. Қос ғашықтың махаббаттарын ұғынып, осы екі жүрек иелерінің атына күн белгілеп, махаббатты дәріптеуді ұсынды.
Мақсаты: Мейірімділік, сүйіспеншілік, құрмет секілді құнды қасиеттерді дәріптеу, оқушылардың сүйіспеншілік, махаббат туралы түсініктерін кеңейту. өмірдің бар жақсылығының негізі махаббат,сүйіспеншілік екенін түсіндіру, ата-ананы, Отанды, өмірді сүйе білуге тәрбиелеу, сүйіспеншілікті, махаббатты, өзара сыйластықты бағалай білуге тәрбиелеу.
Қайырымды істер марафоны жалпыұлттық жобасы шеңберінде, Қозы Көрпеш-Баян сұлу – ғашықтар күніне орай 9-10 сыныптарда «Махаббат – өмір көркі» тақырыбында сынып сағаттары оздырылды.
Мейірімділік –бәріміз бір-бірімізбен бөлісе алатын сүйіспеншіліктің бір көрінісі. Басқаларға жақсылық жасау, құрметтеу арқылы адамдарға қуаныш сыйлауға болады. Сонымен қатар, өмірде көп мейірімділік болса, ол шуақ болып таралары анық.