8(7112) 22-85-97

Халықаралық «Жер күні» қарсаңында «Менің аулам – менің бағым» жобасы

Орал қаласы білім беру бөлімі БҚО білім басқармасының 25.03.2021 жылғы №3-10/1591 хаты негізінде мектеп-лицейімізде «Менің аулам – менің бағым» жобасы іске асырылуда.

«Ағаш ексең аялап, басыңа болар сая бақ» деп дана халқымыз айтқандай, 22 -сәуір Халықаралық «Жер күні» қарсаңында мектеп-лицейіміздің ауласында жеміс-жидек ағаштары отырғызылды. Мектеп-лицей директоры Шонбаев Женис Мендигалиевичтің бастамасымен ішкі көгалдандыру жұмыстары ұйымдастырылып, жеміс-жидек ағаштары отырғызылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Мектеп жанында эстетикалық және экологиялық тартымды кеңістік құру, еңбекқорлыққа, өз мектебіне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, табиғатқа ұқыпты қарау, салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру және практикалық-бағдарлы оқыту қағидатын жүзеге асыру мақсатында жасыл желектер мен гүлдер есебінен мектепке іргелес аумақтағы экологиялық жағдайды жақсартуды мектеп ұжымы басты назарда ұстайды.