8(7112) 22-85-97

Қалалық «Сынып жетекші-2021» байқауы

Қалалық «Сынып жетекші-2021» байқауының қорытындысы бойынша мектеп-лицейіміздің ұстаздары марапатталды.

Орал қаласы білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес тәрбие жұмысының тәжірибесін таратумен қатар сынып жетекші, куратордың шығармашылық әлеуетін дамыту, беделін арттыру мақсатында 2021 жылдың 12-сәуір күні «Сынып жетекші-2021» байқауы оздырылды.

Байқауға мектеп-лицейімізден екі сынып жетекші қатысты. Жоғары буын бойынша география пәнінің мұғалімі, 10 «А» сыныбының сынып жетекшісі Адиева Лаура Самиголлиевна жеңіске жетіп, жүлделі I орынды иеленсе, орта буын бойынша математика пәнінің мұғалімі, 5 «Б» сыныбының сынып жетекшісі Самарбаева Балжан Амантайқызы алғыс хатпен марапатталды.