«Өзіңнен баста!» экологиялық жобасы аясында 8 б, 9 а сыныптарында «Табиғат-адам-қоғам» пікірсайысы өтті.
Мақсаты: Оқушылардың қоршаған ортаның ластануы мен қоғамның экологиялық мәселесі туралы білімдерін тереңдету, экологиялық сауаттылыққа тәрбиелеу, патротизмге және әлеуметтік проблемаларды шешудегі белсенді өмір ұстанымына тәрбиелеу. Тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу.
Пікірсайыс турнирінде екі сыныптан төрт фракция шығып, 8 оқушы қатысты. «Алаш», «Ренессанс», «Qazaq pride», «Кристал» фракциялары. «Адамдар табиғаттың қадірін білмейді ме?» , «Экологияға қарағанда экономика маңызды ма?» қарарларын алып, өз пікірлерін қорғады. Пікірсайыс қорытындысы бойынша «Алаш» фракциясы жеңіске жетті. Пікірсайыс жақсы деңгейде өтті, фракция спикерлері белсене қатысып, экологиялық проблемалар туралы ұтымды ойлары мен пікірлерін ортаға салды.