Адамзат ақыл-ойының жиынтығы - кітапта болса, білім – соны сақтайтын қазыналы сандық. Сол қазыналы сандықтың құлпын ақпараттану заманында тиімді жолмен ашу біздің бейімділігіміз арқылы іске асады.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы шеңберінде оқушылардың кітап оқуға қызығушылыған арттыру мақсатында көркем әдеби кітаптардың электронды нұсқалары мектеп сайтына енгізілді. Электронды әдеби кітаптардың электронды нұсқаларын QR коды арқылы тез тауып, оқуға үлкен мүмкіндік жасалды.Жаңа және тез өзгеріп отыратын мобильді технологияны қолданысқа енгізіп, мектеп дәлізінде орналасқан ақпараттық интеравтивті терминалға кітаптардың сілтемелеріенгізілді. Оқырмандардың кітапхана қызметін қолдануға түрткі болатын ұсыныстарын оң қабылдап, тиімді әдісті қолдану-заман талабы. Қазіргі таңда кітаптың сан түрлі нұсқасы бар: баспадан шыққан кітаптар, электронды кітаптар және аудиокітаптар. Мүмкіндігіңізге қарай таңдап, кітап оқып, өремізді кеңейтуга атсалысайық. Ендеше, жан азығымызды кітаптан іздейік.