Қазіргі заманғы педагогикалық қызметкерден алған білімдерін қайта жаңғыртып қана қоймай, кәсіби мәселелерді шешуге шығармашылық көзқарас, үнемі өзін-өзі тәрбиелеу қабілеттері, жеке және кәсіби өзін-өзі жетілдіру талап етіледі.
Кәсіби және шығармашылық өзін-өзі дамыту қабілеті қажетті сапаға айналады, онсыз педагогикалық шеберліктің жоғары деңгейіне жету мүмкін емес. Әдептілік - педагогтың мінез-құлығындағы ерекшелікке айналуы керек.
Педагогикалық мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол жандүниесіне үңілу. «Үйренейік, ізденейік, жас маман» тақырыбындағы жас мамандар апталығы аясында мектебіміздің психологы Сандуғаш Сергейқызы Тәжен «Мақсаттарды белгілеу, уақытты басқару» тақырыбында тренинг өткізді. Тренинг барысында жас мамандарға педагог әдебі, педагогикалық әдептің көрсеткіштері, өмірлік жағдаяттар, педагогикалық техникаларға тоқталып, психологиялық тест жүргізіліп, мотивациялық бейнежазба көрсетілді.