Қайырымды істер марафоны жалпыұлттық жобасы аясында дүниежүзілік шығармашылық және инновация күніне орай көркем еңбек пәнінің мұғаліміБаймурзина Самал Акедиловна мен оқушылардың жасаған шағын көрме түріндегі шығармашылық топтамалары.
Мақсаты:Инновация мен шығармашылықты ұштастыру арқылы патриотизмді дамыту, өскелең ұрпақтың зияткерлік-шығармашылық әлеуетін дамыту, қайырымды істер марафоны жалпыұлттық жобасына қолдау көрсету. Дүниежүзілік шығармашылық және инновация күнін атап өту әлемде 2002 жылдан бері қолға алына бастаған. Бірақ араға жылдар салып, тек 2017 жылдың 21-сәуірінде БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен Дүниежүзілік шығармашылық және инновация күні деп бекітілді. Еліміз инновация бағытына ерекше көңіл бөліп келеді. Бұл бағыт «Қазақстан -2050» стратегиясында айшықталған.