8(7112) 22-85-97

«Ғылыми жобаға тақырып қалай таңдауға болады?» семинар-тренинг

Эльмира Орынбасаровна жас мамандармен сабақта және сабақтан тыс жағдайларда, күнделікті қарым -қатынаста, жалпы өмірдегі қызығушылықты қалай ғылыми жоба тақырыбына айналдыруға болатыны туралы ойларымен бөлісті.

Мектептің әдістемелік жоспарына сай, озат тәжірибе мектебінің жетекшісі Эльмира Орынбасарова Орынбасаровна ғылыми жобаға тақырып таңдауда жас мамандарға семинар - тренинг өткізіп, өз тәжірибесімен бөлісті. Жоба тақырыбы оқу материалынан, өзара қарым-қатынастан, жеке басы қызығушылығынан (хобби), пікірталастан т.б. жағдайларда пайда болатыны туралы айта келе, жобаға әр түрлі ғылым саласын қамтитын жалпы тақырыптар ұсынды. Ой тастайтын түрлі мысалдарды келтіре отырып, ұстаздардың өздерін толғандырып жүрген мәселелерді анықтады және болашақта қалай жұмыстану керек екеніне бағыт - бағдар берді.

Жас мамандардың ғылыми жоба жазуда білімдерін толықтыратын өз ютуб каналынан бірнеше бейнежазба көрсетті.