«Үйренейік, ізденейік, жас маман» тақырыбындағы жас мамандар апталығы аясында әр жас маман ашық сабақтар өткізді.
20 сәуір күні өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі А.Ш. Мансурова 5ә-сыныбына «Халықтың рухани мұрасы-даналық көзі» тақырыбындағы сабағында шығармашылық жұмыс, жағымды күйге келу, әңгімелесу кезеңдерін сәтті өткізе білді. Сәуір айының 21-і күні 9 а сыныбында «Резерфорд тәжірибесі. Атом құрылысы» тақырыбында физика пәнінің мұғалімі О.Қ.Орынғалиевтың сабағы өтті. Сабақ барысында үй тапсырмасын сұрау кезінде «миға шабуыл» әдісі қолданылды. Жаңа сабақты түсіндіру кезінде интерактивті тақта мүмкіндіктерін қолданды. «Білгеніңді дамыту», «Білгенімді зердеме тоқу» әдісі, сабаққа кері байланыс «Бағдаршам әдісі» және гугл форма арқылы жасалынды. Сәуір айының 22-і күні математика пәнінің мұғалімі Д.Е. Курмангалиев 9 а сыныбында «Шеңберге іштей және сырттай сызылған төртбұрыштардың қасиеттері мен белгілерін білу және қолдану» тақырыбында ашық сабақ өткізіп, сабақ барысында АВС әдісі, Kahoot әдісі, блоб әдістерін тиімді қолдана білді. Осы күні мектеп тәлімгері Г.Қ.Ержигитова 5-сыныптарға «Өмірін өрген өлеңмен» тақырыбында әдеби кеш өткізді. Бұл әдеби кеш қазақтың көрнекті ақыны Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына орай өтті. Кеш барысында интерактивті тақта көмегімен ақынның өмірі мен Орал қаласында өткізген жылдары туралы бейнероликтер көрсетіліп, тың деректер берілді. Ақынның шығармашылығы жайында арнайы көрме ұйымдастырылып, оқушыларға ақын туындылары туралы мағлұматтар айтылды. Сәуір айының 23-і күні ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Д.М. Ермекова «Outdoor sports and activities» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында «Бағдаршам», «Бесті әкел» әдістері тиімді қолданылды. Жалпы жас мамандардың сабақтары өз мақсатына жетті.