«Үйренейік, ізденейік, жас маман» тақырыбындағы жас мамандар апталығы аясында тәлімгерлер мен жас мамандар өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Сәуір айының 21-і күні тәлімгерлер мен жас мамандар арасында «Ойлан, жұптас, бөліс» тақырыбында тәжірибе алаңы өткізілді.
Шара барысында тәлімгерлер мен жас мамандар өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Жас мамандар мектебінің жетекшісі С.У. Нурсапина SMART мақсат, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, тәлімгер Г.К.Кусанова «Личная бренд учителя» тақырыбында өзінің ғылыми жоба жазу тәжірбиесімен бөлісті, математика пәнінің мұғалімі, тәлімгер А.С. Утегенова мінез-құлықтың күшті реттеушісі - мадақтау, соның арқасында жаңа дағдыны меңгеру жолдары туралы практикалық бағытта жұмыс жүргізді. Тәлімгер Г.Н. Капашева «Сабақ барысындағы кері байланыс» туралы баяндады.
Жас маман Д.Е.Курмангалиев дәстүрлі және жаңа оқу құралдарының жақсы мүмкіндіктерін біріктіретін тиімді, бірақ қол жетімді оқыту құралы – «Графикалық планшет» туралы, физика пәнінің мұғалімі О.Қ. Орынғалиев «Пирамида» әдісі арқылы педагогтын жетістікке жету үшін негізгі қадамдары туралы сөз қозғады. Математика пәнінің мұғалімі А.Қ. Батыргалиева оригами арқылы геометриялық теоремаларды оңай дәлелдеп көрсетті. Г.Қ.Ержигитова тәлімгерлік жұмыстың жүйесімен бөлісті. Өзін өзі тану пәнінің мұғалімі А.Ш. Мансурова шығармашылық бөлім немесе тақырыпты бекіту формасы – «А В С» және оқушылардың зейінін сабаққа аудару, эмоциялық ахуалды реттеу формасы – «Бұлт үстінде саяхат» әдістеріне, ал ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Д.М. Ермекова проблемаларды шешу барысында идеялар шығару мақсатындағы «Brainstorming» әдістеріне тоқталып өтті. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Х.М. Еркингалиева салауатты өмір салтын қалыптастыруға дағдыландыру жұмыстарымен таныстырды. Бүгінгі тәжірибе алаңыңының жас мамандардың әдістемесін жетілдіруге маңызы зор болды.