«Өзіңнен баста!» экологиялық жобасының жоспарына сай 22 –сәуір күні география пәнінің мұғалімі Н.Ш.Ажгалиевтің ұйымдастыруымен «Экология – жер тағдыры» интеллектуалды ойыны өтті.
Мақсаты: Табиғат тазалығын сақтау, жер, су, экологиясы туралы кеңінен түсіндіру, Қазақстан көлеміндегі экологиялық жағдайды талқылау, интеллектуалды ойын арқылы оқушылардың ой шапшаңдығы мен тіл байлығын молайту, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
«Экология-жер тағдыры» интеллектуалды ойынына 6 а, 7 а сыныптары қатысып, екі топқа бөлінді. Ойын «Ғажайып Қазақстан», «Сиқырлы сандық», «Сұрақ бізден, жауап сізден», «Шешуші сәт» айналымдарынан тұрды. «Тапқырлар» және «Cұңқарлар» топтары сайысқа түсіп, қатысушыларға викториналар мен ситуациялық жағдаяттар берілді. Сайыс қорытындысы бойынша «Тапқырлар» тобы жеңіске жетті. Ойын сайыс түрінде өтіп, қызықты да тартысты өтті.