«Тәуелсіздікке 30 жыл: жетістіктер мен келешегі» тақырыбындағы вебинар- кездесуде 8 б сынып оқушылары жергілікті ақын, «Қазақстан-Орал» телеарнасының тілшісі Мұнайдар Мұхамбетжанұлы Балмолдамен сұхбаттасты. Сұхбат барысында қонағымыз тәуелсіз еліміздің ертеңі, бүгіні, келешегі туралы оқушылармен ой бөлісіп, пікірлерін тыңдап, жырларын тарту етті.
Мақсаты: Тәуелсіздік ұғымын кеңірек насихаттап, еліміздің ертеңі мен бүгініне, келешегіне ой жүгірту, тарихымызды қастерлеу.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтой шараларының жоспары шеңберінде 8б сынып жетекшісі Капашева Гулжамал Нұржанқызы жергілікті ақын, тілші Мұнайдар Мұханбетжанұлы Балмолдамен вебинар-кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында алдымен ел тарихынан бейнефильм көрсетіліп, оқушылармен ой бөлісті. Қонағымыз сол сұрапыл жылдар тарихынан сыр шертіп, 1986 жылғы жастар қозғалысын баяндап өтті. Оқушылар кейін өз көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ақынның деректі фильмі, өлеңдері туралы тың мәліметтер алды. Сөз соңында директордың тәрбие ісі меңгерушісі Гулдана Сайлауқызы қонағымызға әкімшілік атынан өз алғысын білдірді.