8(7112) 22-85-97

«Ата-аналар мен балалар арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту» вебинар

Мектеп пен отбасының ынтымақтастығындағы басты рөлді  сынып жетекшілері ме мектеп психологтар атқарады.
Ата-анамен конструктивті өзара  әрекеттер болуға  педагогтардың ата-аналармен қарым-қатынасындағы өзіндік ережелерді сақтауы ықпалын тигізеді.  Вебинар барысында сынып жетекші мен психологтің ата –аналармен жүргізілетін  жұмыс түрлері мен үлгілеріне, қашықтан оқыту кезінде ата-аналарға ұсынылатын психологиялық ағарту, алдын алу  жұмыстарын тиімді қолдану жөнінде кеңестер мен үлгілер берілді.

«Батыс INNOVATIONS» жобасының  ІІ кезеңіне  (КӨМЕКTIMES ) және  екі мектеп арасындағы атқарылатын жұмыс жоспарына  сай  Казталов мектеп-лицейінің  педагог-психологіне мен сынып жетекшілеріне  №41 мектеп-лицейінің педагог-психологі Тәжен Сандуғаш Сергейқызы «Ата-аналар мен балалар арасындағы  өзара қарым-қатынасты нығайту»   тақырыбында вебинар өткізді. Балаларды тəрбиелеу жүйесіндегі ең түйінді мəселелердің бірі қарым-қатынас проблемасын қарастырады. Вебинарда  сынып жетекшілерді балаларды психологиялық қолдай отырып ата-аналармен  бірлесіп жұмыс жасауға  бағыттау мақсатында сынып жетекші мен психологтің ата –аналармен жүргізілетін  жұмыс түрлері мен үлгілеріне, қашықтан оқыту кезінде ата-аналарға ұсынылатын психологиялық ағарту, алдын алу  жұмыстарын тиімді қолдану жөнінде кеңестер мен үлгілер беріліп, баланы тәрбиелеудегі отбасылық тәрбиенің түрлеріне тоқталып, жағымды  ахуал қалыптастыруға арналған  жадынамалармен бөлісілді.