8(7112) 22-85-97

Қайырымды істер марафоны жалпыұлттық жобасы аясында көктемгі жақсылық апталығы

Қайырымды істер жалпыұлттық жобасы аясында көктемгі жақсылық апталығы басталды. Осыған орай педагог-психолог Тәжен Сандуғаш Сергейқызы «Бәрі махаббаттан басталады» тақырыбында тәрбие сабағын өткізді.

Мақсаты: Риясыз сүйіспеншілікпен ғана өмір мәнді болатынын оқушыларға ұғындыру. Оқушыларға күллі тіршілікке сүйіспеншілікпен қараудың мән-мағынасын түсіндіру арқылы жақсылыққа ұмтылу, пейіл мен ниет тазалығы, адалдық, сенім, мейірімділік, адамгершілік қасиеттерін дамыту, қайырымды істер марафоны жалпыұлттық жобасына қолдау көрсету.

Қайырымды істер марафоны жалпыұлттық жобасы шеңберіндегі көктемгі жақсылық апталығы педагог-психолог Тәжен Сандуғаш Сергейқызының ұйымдастыруымен өткен "Бәрі сүйіспеншіліктен басталады" тақырыбындағы 8-сыныптарға арналған тәрбие сабағынан басталды. Аталған сабақта оқушылар пікір алмасты. Сабақ барысында сұрақтарға жауап беріп, өздерінің ойларын еркін жеткізе білді. Сабақ оқушылар үшін өте қызықты өтті.