Қайырымды істер жалпыұлттық жобасы шеңберінде, көктемгі жақсылық апталығы аясында педагог-психолог Тәжен Сандуғаш Сергейқызы «Жақсылық шеңбері» тақырыбында 8-10 сыныптарға тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, жақсылық жасаудың адами қарым – қатынастары мәнділігін түсіндіру, жақсы істер жасай білуге іскерліктерін дамыта отырып, қайырымды, қамқор болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатына 8-10 сыныптар қамтылып, қашықтан ZOOM платформасы арқылы өтті. «Жақсылық шеңбері» сабағында оқушыларға «Кешірім гүлін сыйлау» атты ойын ойнатылып, тренингтер жүргізілді. Оқушылар «қайырымдылық», «ізгілік», «кешірім», «жақсылық» адами құндылықтары жайында ойларын ортаға салып, бір-бірімен пікір алмасты. Тәрбие сағаты соңында оқушылар шығарма жазып, ойларын дәйексөздермен түйіндеді.