8(7112) 22-85-97

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында онлайн - кездесу

«Оқуға құштар мектеп»  жобасы аясында мектеп - лицейімізде 7а,7ә сыныптарымен оқырман қауымын елең еткізіп, жырмен тербеп жүрген Қазақстан Журналистер және Жазушылар одағының мүшесі, ақын, талантты журналист, тележүргізуші, «Тіл жанашыры»,  «Ақпарат саласының үздігі» медальдарының иесі Мұнайдар Мұханбетжанұлы Балмолдамен онлайн-кездесу өтті.

Мақсаты:  Мұнайдар Мұханбетжанұлының  шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Жазушының  өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Оқушыларды көркем әдебиеттерді оқуға баулу.  

Кездесуге 7 сынып оқушылары мен мектеп ұстаздары қатысты. Ұйымдастырылған шарада М.Балмолданың  шығармашылығы турасында кеңінен әңгіме қозғалды. Іс-шара соңында  жазушы оқушылардың   қойған сұрақтарына жауап беріп, оқушыларға өз туындыларынан өлең тарту етті. Қай кезде де кітап адамзаттың жан азығы рухани байлығы болған, кітап оқу арқылы ғана біз болашақты болжап келешегімізге кемел жол сала аламыз деп, оқырмандарды кітап оқуға шақырды.