Ғылыми жобалар жарыстарының негізгі мақсаты мен міндеттері: оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын ынталандыру, ой еңбегінің беделін арттыру, ең талантты және дарынды зерттеушілерді іріктеу және оларға қолдау көрсету
Республикалық ғылыми жобалар сайысының бірінші кезеңі мектепішілік кезеңі мектебімізде 28 сәуір күні өткізілді. 6 секция бойынша 13 оқушы қатынасты. Қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. І-орын 9а сынып оқушылары Мухтарова Назерке мен Төлеп Назира. Nақырыбы: «Жансая Мусина айтыстарындағы этномәдени, танымдық кеңістік», ІІ-орын 9ә сынып оқушысы Биғали Гүлназ, тақырыбы: «Ж.Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңіндегі прецеденттік есімдер қолданысы» және 9а сынып оқушылары Кенжегужина Асем, Адилова Аружан, тақырыбы «Қазақ әдебиетіндегі гендерлік сипат: әйел-аналар образындағы басқарушылық менеджмент», ІІІ-орын 9б сынып оқушысы Қисымова Дана тақырыбы «Заманауи киім үлгілеріне көне таңбаларды қолдану» және 9а сынып оқушылары Болат Әліби, Джанашев Бейбарыс тақырыбы «Ауылдық жерде тұрмыстық қалдықтарды пайдаланып, сигналдық үдеткіш жасақтау». Белсене қатынасқан оқушыларымыз «Алғыс хатпен» марапатталды. Мектебіміздің оқушыларына қалалық кезеңде сәттілік тілейміз!