Ұланбасы сайлауы 28.04.2021-29.04.2021 күндері өтті. Сайлауға 9 сынып оқушылары қатысып, дауыс беруге оқушылар мен ұстаздар белсене қатысты.
Ұланбасын сайлаудағы мақсат өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, Отанға деген сүйіспеншілікті арттырып, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу болып табылды. Оның ішінде қазақ халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілікті қалыптастыру, танымдық жұмыстарды ынталандыру, балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін жағдай жасау, жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту міндеттелді.
Сайлау комиссиясы 5 адамнан құрылды. Сайлау мектеп мұғалімдерімен қатар 5-11 сынып оқушыларының қатысуымен онлайн форматта Telegram желісі арқылы жүзеге асып, Telegram желісінің «Ұланбасы сайлауы 2021 жыл» арнасында жасырын дауыс беру арқылы өтті. Сайлаудың басты мақсаты - «Жас Ұлан» ұйымының жұмысын жан-жақты жүргізетін жауапкершілігі мол, белсенді оқушыны сайлау. Сайлауға 2 үміткер қатысты. Барлық үміткерлер мектеп өміріне белсенді ат салысатын үлгілі оқушылар болып табылады. Сайлау қорытындысы бойынша 378 адам дауыс берді.
Сайлаудың нәтижесі бойынша үміткерлердің жинаған дауыстары төмендегідей болды:
Сайлауға жалпы 378 адам қатысты. Үміткер Адилова Аружан 231 дауыс жинаса, екінші үміткер Кенжегужина Асем 174 дауыс жинады. Сайлау аяқталысымен комиссия мүшелері дауыстарды санап, сайлау қорытындысы мектеп-лицейдің әлеуметтік желі парақшаларына жарияланды. Сайлау қорытындысы бойынша 9 А сынып оқушысы Адилова Аружан жеңіске жетіп, «Жас Ұлан» ұйымының балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасы атанды.
№ |
Үміткердің аты-жөні |
Сыныбы |
Пайызы |
1 |
Адилова Аружан |
9 А |
61% |
2 |
Кенжегужина Асем |
9 А |
39% |