1 мамыр-Қазақстан бірлігі күні мерекесіне орай «Қазақстан-татулық пен бірлік мекені» тақырыбында 9а, 9б сынып оқушыларымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
«Қазақстан-татулық пен бірлік мекені» тақырыбында 9а, 9б сынып оқушыларымен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.С.Иманиязова дөңгелек үстел ұйымдастырды. Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және бір тудың астында әр халықтың салт-дәстүрлерін сақтап, ортақ келісімге келуі, оқушылардың өз ойларын ортаға салу арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту, жаңа қырларын ашу.
9а, 9б сынып оқушыларынан «Шаттық шеңбері» құрылып, берілген жұлдызша түсімен екі топқа топтастырылды. Ой қозғау сұрақтары беріліп, «Джигсо» әдісі арқылы өз пікірлерін дәлелдеді. Қорытынды бөлімінде «Атамекен» әні шырқалып, 5-сынып оқушыларының жыр шумақтары тарту етілді.