Қазіргі заман талабына сай мектеп оқушысы жан-жақты, білімге құштар, қабілетті болуы тиіс. Әр баланың жеке қабілетін анықтап, шығармашылық бағытта дамыту, оны сол бағытта жетелеу- білім берудегі басты міндет.
Мектеп олимпиадасының негізгі мақсаты - пәнге қабілетті оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, пәнге қызығушылығын дамыту, қолдау білдіру. Осыған орай Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында қалалық және ауылдық мектептердің білім алушыларының арасындағы білім сапасындағы алшақтықты қысқарту, нәтижелілігі төмен ауыл мектептеріне инновациялық мектептердің «қамқорлығын» жүзеге асыруға бағытталған «Батыс INNOVATIONS» жобасының ІІ кезеңіне (КӨМЕКTIMES) және екі мектеп арасындағы атқарылатын жұмыс жоспарына сай №41 мектеп-лицейі және Казталов мектеп-лицейінің мұғалімдеріне №41 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі Капашева Гулжамал Нуржановна олимпиада есептерін шығарудың тиімді тәсілдерімен бөлісу мақсатында «Геометриядан олимпиада есептерін шығару жолдары» тақырыбында вебинар өткізді. Вебинар барысында олимпиада есептерінің түрлеріне тоқталып, геометрия есептерін шешу әдістері айтылды.