Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде 5-7 сыныптар арасында мектепішілік «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» патриоттық әндер байқауы ұйымдастырылды.
«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» патриоттық ән-күй байқауына 5-7 сынып оқушылары қатынасты. Оқушылар патриоттық сезімін ән-күй орындау арқылы жеткізіп, әрқайсысы түсірген бейнежазбаларын қашықтан орындап, ватсап,телеграм әлеуметтік желілеріне және электрондық поштаға жүктеп жіберді. 5-7 сыныптар арасында жіберілген бейнежазбалар арасында 7а сынып оқушысы Таңбай Еркебұлан домбыра аспабында «Ақ жайық» әнімен Бас жүлде иеленді. 1-орынға 5ә сынып оқушысы Нұрбекқызы Амина, аспапта орындау бойынша 2-орынға 7ә сынып оқушысы Тулеуш Айкөркем, 6ә сынып оқушысы Бердіғали Алихан, 3-орынға 7ә сынып оқушысы Ғұмар Зере, 5б сынып оқушысы Кайржанова Инабат лайықты деп танылды. Қалған қатысушы оқушыларға киім үлгісіні мен бейнежазбаларының байқау шартына сәйкес келмеуіне байланысты байқауға қатыстырылмады. Жалпы патриоттық әндер байқауына 12 оқушы қамтылды.
5 "б" сынып оқушысы Кайржанова Инабат - ІІІорын. Ән "Атамекен"
"Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік" патриоттық ән-күй байқауы
5 "ә" сынып оқушысы Нұрбекқызы Амина - І орын. Ән "Соғыстан қайтқан солдаттар"
"Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік" патриоттық ән-күй байқауы
7 "ә" сынып оқушысы Ғұмар Зере - ІІІ орын. "Романс"
"Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік" атты патриоттық ән-күй байқауы
6 "ә" сынып оқушысы Бердіғали Алихан - ІІ орын. "Кеңес"
"Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік" атты патриоттық ән-күй байқауы
7 "а" сынып оқушысы Таңбай Еркебұлан - "Бас жүлде". Терме "Көп болды Ақжайыққа бармағалы"
"Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік" атты патриоттық ән-күй байқауы
7 "ә" сынып оқушысы Тулеуш Айкөркем - ІІ орын. "Романс"
"Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік" атты патриоттық ән-күй байқауы