8(7112) 22-85-97

«Мамандық таңдауға мектептегі кәсіптік бағдар берудің қызметі» тақырыбындағы вебинар

Кәсіптік бағдар беру — қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде мақсатты атқарылатын жұмыс.

Мектептегі кәсіптік бағдар берудің негізгі мақсаты: оқушылардың кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту мақсатында оқушылардың дара ерекшеліктерін зерттеу, мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесу, оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу.

Осыған орай Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында қалалық және ауылдық мектептердің білім алушыларының арасындағы білім сапасындағы алшақтықты қысқарту, нәтижелілігі төмен ауыл мектептеріне инновациялық мектептердің «қамқорлығын» жүзеге асыруға бағытталған «Батыс INNOVATIONS» жобасының ІІ кезеңіне (КӨМЕКTIMES ) және екі мектеп арасындағы атқарылатын жұмыс жоспарына сай №41 мектеп-лицейі мен Казталов мектеп-лицейінің сынып жетекшілерімен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлдана Сайлауқызы өз тәжірибесімен бөлісті. Кәсіптік бағдар беру барысында ұйымдастырылған іс-шараларға тоқталып, жалпы мектеп-лицейіміздегі тәрбие бағытындағы жобалар барысында баяндап өтті.