8(7112) 22-85-97

«Ұрпақ саулығынан - салауатты келешекке»

14 мамыр 5-7 сынып сынып оқушыларының ата-аналарына жалпы ата-аналар жиналысы өтті.

Мақсаты: Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ата-ана жауапкершілігін арттыру,  оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру, алдағы оқу жылын ұйымдастыру туралы ата-аналарды ақпараттандыру.

 Күн тәртібінде:

  • «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ-кепілді келешек»

ТІЖО Иманиязова Г.С.

  • Жазғы мектептің ұйымдастырылуы және оқушылардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігін (қауіпсізідіктің «бес минуты») қамтамасыз ету.

ТІЖО Иманиязова Г.С.

  • Жаңа оқу жылына ұсынылған мектеп формасының үлгісін таныстыру.

ТІЖО Иманиязова Г.С.

  • 2020-2021 оқу жылындағы оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы туралы есебі.

Жиналыс барысында қоғамда орын алып жатырған әртүрлі келеңсіздіктің алдын алу, зорлық-зомбылық пен жыныстық қолсұғушылыққа жол бермеу және сақтандыру жағдайы, кәмелетке толмағандардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жазғы демалыс уақытында қауіпсіздік шараларын күшейту, ата-ананың тарапынан баланың бос уақытының тиімді өтуін бақылауға алу жөнінде айтып өтті. Сондай-ақ алдағы оқу жылына ұсынылған мектеп формасын жобасы таныстырылды.