8(7112) 22-85-97

Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінің қорытындысы

Қабілетті оқушылармен жұмыс түрлерінің бірі - ғылыми жобалар.  14 мамыр  өткен республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңіне мектебімізден 6 оқушы (командалық) 3 секция жұмысына қатынасты

Қалалық кезеңнің қорытындысы бойынша мектебімізден қатынасқан барлық оқушылар жүлделі орындарға ие болды. Бір - І орын, үш - ІІ орын.

І-орын 9а сынып оқушылары Болат Әліби, Джанашев Бейбарыс, тақырыбы «Ауылдық жерде тұрмыстық қалдықтарды пайдаланып, сигналдық үдеткіштерді жасау» (техника секциясы), жетекшісі физика пәнінің мұғалімі Орынгалиев О.К.

ІІ-орын 9а сынып оқушысы Биғали Гүлназ, тақырыбы «М.Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңіндегі прецеденттік есімдер қолданысы» (әдебиет секциясы), жетекшісі қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Беккужиева С.А.

ІІ-орын 9а сынып оқушылары Төлеп Назира, Мухтарова Назерке тақырыбы, «Жансая Мусина айтыстарындағы этномәдени, танымдық кеңістік» (этномәдениеттану секциясы), жетекшісі қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Куанышкалиева Г.Е.

ІІ-орын 9б сынып оқушысы Қисымова Дана, тақырыбы «Заманауи киім үлгілеріне көне таңбаларды қолдану» (этномәдениеттану секциясы), жетекшісі технология пәнінің мұғалімі Баймурзина С.А.

Шәкірттеріміз бен ұстаздарымызды жетістіктерімен құттықтаймыз!