Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 5 мамырдағы №203 бұйрығына сәйкес еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты №41 мектеп-лицейінің соңғы қоңырау салтанаты үш түрлі форматта ұйымдастырылды.
24.05.2021 жылы 5 а, ә, б сыныптарында ашық сынып сағаттары өтті. 25-мамыр күні 6, 7, 8, 10 сыныптарда онлайн сынып сағаттары оздырылды. Мектеп-лицей алаңында ұстаздар, ата-аналар мен 9-сынып оқушылары және мектеп-лицей түлектерінің қатысуымен салтанатты түрде жиын өтті.
9 а, 9 ә, 9 б, 11 а, 11 ә сыныптарына салтанатты жиын өңірлік Бас санитарлық дәрігерлердің келісімі бойынша санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілді. Шара барысында 2020-2021 оқу жылында пән бойынша лицей үздіктері марапатталып, ескерткіш сыйлықтар табысталды.