Мектептің қамқоршылық кеңесімен бірігіп ұйымдастырылған шаралардың бірі - оқу жылы қорытындысы бойынша білім додасындағы жетістіктері бойынша үздіктерді соңғы қоңырау салтанатты жиынында марапаттау болып табылады.
Алдын ала қамқоршылық кеңеспен келісіліп, «Лицейдің үздік шәкірті - 2021» және әр пән бойынша «Лицей үздігі - 2021», «Лицейдің үздік педагогі-2021» атағын беру ережесі бекітілді.
Мақсаты: Оқушылардың білімділік, тәрбиелік және зияткерлік әлеуетін дамытуда ынталандыру жүйесін қалыптастыру, оқу жылы бойынша үздік шәкірттерді марапаттау.
Облыстық, республикалық және халықаралық дәрежедегі сайыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары арасынан бір оқушы таңдалынып алынды.
«Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша лицей үздігі - 2021» 9ә сынып оқушысы Мұрат Камила, «Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша лицей үздігі-2021» 9а сынып оқушысы Адилова Аружан, «Қазақстан тарихы пәні бойынша лицей үздігі - 2021» 9а сынып оқушылары Серік Мадина, Тналиева Гаухар, «Математика пәні бойынша лицей үздігі - 2021» 10а сынып оқушысы Қадырболат Ринат, «Информатика пәні бойынша лицей үздігі - 2021» 11ә сынып оқушылары Аманғалиев Ернар, Курмангалиев Данияр, «Физика пәні бойынша лицей үздігі - 2021» 10а сынып оқушысы Сагинғали Баянсулу болып танылды.
«Лицейдің үздік шәкірті - 2021» атағын 10а сынып оқушысы Қадырболат Ринат иеленді.
«Лицейдің үздік педагогі - 2021» атағын берудің мақсаты - педагогтердің шығармашылық белсенділігін ынталандыру, жоғары деңгейдегі шығармашылық әлеуеті бар мұғалімдердің педагогикалық қызметінің қорытындысын жинақтау.
Атақтың иегері болып әр сабағын жоғары деңгейде өткізетін, облыстық, республикалық дәрежедегі сайыстардың жеңімпаздарын дайындаған, семинарлар мен шебер-сыныптарға, конференцияларға белсенді қатысатын, озат іс-тәжірибе таратқан тарих пәнінің мұғалімі, педагог – зерттеуші Орынбасарова Эльмира Орынбасаровна танылды.
«Лицейдің үздік шәкірті - 2021» және әр пән бойынша «Лицей үздігі - 2021», «Лицейдің үздік педагогі-2021» атағын иеленген оқушылармен, педагог
дипломмен марапатталып және бағалы сыйлық беріліп, лента тағылып, есімі тіркеу кітабына енгізілді.