8(7112) 22-85-97

5-сыныптарға қабылдау емтиханы өткізілді

Мектептің 2020-2021 оқу жылына оқушыларды қабылдау жоспарына сай 27 мамыр күні 5-сыныптарға қабылдау емтиханы өткізілді.

Мектеп директорының 11 мамырдағы №45 бұйрығына сай 5-сыныпқа оқушыларды қабылдау жоспарланған жұмыс кестесі бойынша жүргізілді. 26 мамыр күні сағат 9.00-13.00 және 14.00-18.00 дейін конкурсқа өтініш және құжаттар қабылданды, барлығы 61 оқушының ата-анасынан конкурсқа өтініш, қажетті құжаттар тапсырылып, 27 мамыр күні қабылдау емтиханына барлық оқушылар қатынасты. Емтихан өту кестесіне сай сағат 15.00-16.30 уақыт аралығында оқу сауаттылығы және математика және логика бойынша санитарлық талаптарды сақтай отырып 5 оқу кабинетінде өткізілді.

Әр кабинетте кезекші мұғалім және оқушылардың ата-аналарынан қадағалаушы қатынасты. Емтихан ережеге сай өткізілді. Дәлізде жауапты кезекшілер міндетін атқарды. Кабинеттегі кезекшілер уақытында оқушылардың жұмысын ұйымдастыру жұмытарына жалпы жауапты директордың орынбасары Ж.Жолдасбаеваға қадағалаушымен бірге тапсырды. Бағалаудағы даулы мәселелерді шешу үшін құрылған жұмыс тобы емтихан жұмыстарын тексеріп, 28 мамыр күні сағат 9.00 де емтихан қорытындысы жарияланып, сағат 11.00-де қабылдау комиссиясының отырысы өткізіліп, комиссия шешіміне сай 26 оқушыдан тұратын 2 лицей сыныбы жасақталынды. Сағат 15.00 – де мектеп сайтына қабылдау комиссиясының хаттамалық шешімі жарияланды. Конкурстан өткен оқушылардың ата-аналарымен қашықтан жиналыс өткізіліп, мектептің ішкі тәртіп ережесі, құжаттарды қабылдау бойынша Egov.kz порталында қалай жүзеге асатындығы туралы түсініктемелер берілді.