Жазғы мектеп жоспары шеңберінде тарих пәнінің мұғалімдері Сатиева Айнур Ержановна мен Жұмағалиева Орынгүл Аманжолқызы оқушыларға қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай тарихи кезеңдер соқпағын айта отырып, ел қамын, жұртын сүйе білген тұлғалар туралы ой өрбітіп, деректер келтіріп, тәрбие сағатын өткізді. 9 ә сыныбының сынып жетекшісі Айнұр Қанатқызы оқушыларға сыныптан тыс шаралар ұйымдастырды.
Тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы 14 сәуірде жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы ҚР Заңы қабылданды.Елбасы Н.Ә. Назарбаев 1997 жылды Жалпыұлттық татулық пен саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы, сондай-ақ 31 мамыр – саяси саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні деп жариялады. Бұл шара – жазықсыз жапа шегіп, қазақты егеменді ел етеміз деп еркіндікке ұмтылған ерлердің алдындағы борышты өтеуге, парызды ақтауға арналған жұмыстардың бастауы.
Мектеп-лицейіміздесаяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні сыныптан тыс шаралар түрінде өтті.Мақсаты:Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары жөнінде оқушыларға дұрыс, терең түсінік беру, олардың саяси санасын ояту, оқушылардың адамгершілік көзқарастарын қалыптастыру. Қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мәлімет беріп, олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу. Оқушылардың бойына Отансүйгіштік, ерлік, батылдық, шындық, төзімділік, адамгершілік сияқты құнды қасиеттерді дарыту.Саяси қуғын-сүргінге, ашаршылыққа ұшыраған ақын-жазушылардың ерлігін, қалдырып кеткен мол мұрасын үлгі-өнеге ету.