1-маусым - халықаралық балаларды қорғау күні аясында Орал қаласы әкімі Абат Шыныбековпен кездесуге мектебімізден 7 оқушы қатысты.
Халықаралық балаларды қорғау күні аясында өткізілген кездесуге Республикалық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздары Тналиева Гаухар, Серік Мәдина, Адилов Сержан, Турсунова Мерует, Қадырболат Аманат, Сагингали Баянсулу және 11-сынып оқушысы, Алтын белгісі аттестатына үміткер, Назарбаев университетінің грант иегері Кунакбаева Мерей қатысты. Қала мектептерінің технологтары дайындаған «Сәулетті ғимараттар сыр шертеді» макеттер қалашығын мектебіміздің 9 - сынып оқушысы Биғали Гүлназ таныстырды. Кездесу барысында 10-сынып оқушысы Сагингали Баянсулу ғылыми жобасы және болашаққа жоспары туралы ойымен бөлісті. Мектебіміздің оқушылары бүгінгі жетістіктері, танымдық белсенділіктері үшін қала әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.