1-12 маусым аралығындағы «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқаны аясында №41 мектеп-лицейінің «Жанашыр» еріктілер тобы мен балалар ұйымының мүшелері бала еңбегін қанауға қарсы, бала құқығы жөнінде қала тұрғындарына үнпарақтар мен жаднамаларды таратты.
Мақсаты: Балалардың қауіпсіздігін сақтау, бала еңбегін қанауға қарсылық шараларын жүргізу, қоғамның балалардың құқықтары туралы, сондай-ақ бала еңбегінің ең нашар түрлеріне тап болған жағдайда балаларға көмек көрсету түрлері туралы ақпараттылық деңгейін арттыру, балалардың заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету бойынша қызметке ата-аналарды, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды қатыстыруды жандандыру.
Ұлттық ақпараттық науқанның іс-шаралар жоспарына сай бала құқығын қорғау мақсатында «Жанашыр» еріктілер тобы мен балалар ұйымының белсенді мүшелері «Сен өз құқығыңды білуге тиіссің!» жаднамаларын және балалар еңбегінің заңсыз пайдалануынан алдын алуды қамтамасыз ететін үнпарақтарды қала тұрғындарына үлестіріп, он екі күндік ақпараттық науқанға белсене қатысуда. «Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!». Балалардың құқығын қорғау әрқашан басты назарда екенін ұмытпағанымыз абзал.