1992 жылы 4 маусымда Қазақстанның мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық белгілер. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы заңға сәйкес, жыл сайын 4 маусым Қазақстанда Мемлекеттік рәміздері күні ретінде мерекеленеді.
Мектеп-лицейімізде Мемлекеттік рәміздер күніне орай мектеп тәлімгері Гульден Кайратовна мен кітапханашы Аякоз Мендигалиевнаның ұйымдастыруымен жазғы мектептегі 5,7 сыныптарға «Менің елім» тақырыбында сыныптан тыс шара оздырылды. Сыныптан тыс шара барысында ҚР Әнұраны шырқалып, мемлекеттік рәміздердің авторлары туралы толығырақ ақпарат беріліп, топтық жұмыс жүргізілді. Білім алушылардың танымдық қабілеттерін арттыру мақсатында сөзжұмбақ, зияткерлік сұрақтар мен тапсырмалар беріліп, «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтаныш» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сыныптан тыс шараға оқушылар қызығушылықпен қатысып, постер қорғап, өз ойларын еркін жеткізе білді.
Мақсаты: Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, еліміздің туын, елтаңбасын, әнұранын қастерлеп, құрметтеуге тәрбиелеу.