Орал қаласы білім беру бөлімінің № 41 мектеп-лицейінің алаңында бітіруші түлектерге салтанатты түрде жалпы орта білім туралы аттестаттар табысталды.
Мектеп түлектерінің салтанатты жиыны – білім нәрімен сусындатқан ұлағатты ұстаздармен, жас түлектердің болашағының іргетасы қаланған алтын ұя мектеппен қоштасу сәті, жаңа өмір жолының бастауы. Мектеп-лицейімізде санитарлық қауіпсіздік шаралары сақтала отырып, ашық аспан астында, мектеп-лицей алаңында 44 түлекке аттестаттар тапсырылды. 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша 4 оқушымыз «Алтын белгі» иегері, 3 оқушымыз «Үздік аттестат» иегері атанды. «Алтын белгі» иегерлері: Жангужекова Адемай, Кунакбаева Мерей, Турсунова Мерует, Мунтиева Илана. «Үздік аттестат» иегерлері: Гизатов Бекзат, Зарифов Замир, Тапанова Мадина. Салтанатты жиын барысында мектеп-лицей директоры Шонбаев Женис Мендигалиевич үлкен өмір жолына қадам басқалы тұрған шәкірттерді құттықтап, аттестаттар табыстап, лицей шәкірттеріне сәт сапар, ақ жол тілеп, ата-аналар мен ұстаздарға ізгі тілектерін арнады. «Алтын белгі» иегерлеріне төсбелгілері табысталып, «Үздік аттестат» иегерлеріне ленталар тағылды. Жалпы орта мектеп курсын табысты аяқтап, лицейіміздің намысын биік ұстаған лицей мақтаныштарының ата-аналарына ұрпақ тәрбиелеуге елеулі үлес қосқаны үшін директор Женис Мендигалиевичтің атынан алғыс хаттар берілді.