Мектептің 2020-2021 оқу жылына оқушыларды қабылдау жоспарына сай 23 маусым күні 10-сыныптарға қабылдау емтиханы өткізілді.
Мектеп директорының 11 мамырдағы №45 бұйрығына сай 10-сыныпқа оқушыларды қабылдау жоспарланған жұмыс кестесі бойынша жүргізілді. 21,22 маусым күндері сағат 9.00-13.00 және 14.00-18.00 дейін конкурсқа өтініш және құжаттар қабылдады, барлығы 39 оқушының ата-анасынан (28 физика-география, 11 химия-биология бағыты ) конкурсқа өтініш, қажетті құжаттар тапсырылды. 23 маусым күні қабылдау емтиханына барлығы 38 оқушы қатынасты, 1 оқушы ауырып қалуына байланысты қатынаса алмады. Емтихан өту кестесіне сай сағат 10.00- 12.00 уақыт аралығында (химия-биология бағыты) химия, биология, математикалық сауаттылық, Қазақстан тарихы пәндері бойынша, 10.00-12.30 уақыт аралығында (физика-география) физика, география, математика, Қазақстан тарихы пәндері бойынша санитарлық талаптарды сақтай отырып саз бөлмесінде және қазақ тілі кабинетінде өткізілді. Әр кабинетте кезекші мұғалімдер болды. Емтихан ережеге сай өткізілді. Дәлізде жауапты кезекшілер міндетін атқарды. Кабинеттегі кезекшілер уақытында оқушылардың жұмысын жауапты директордың орынбасары Ж.Жолдасбаеваға оқушымен бірге тапсырды. Емтихан жұмыстарын бағалаудағы даулы мәселелерді шешу үшін құрылған жұмыс тобы тексеріп, 24 маусым күні сағат 9.00 де емтихан қорытындысы жарияланып, сағат 10.00-13.00 аралығында аппеляция комиссиясының отырысы оздырылды. Сағат 12.00-де қабылдау комиссиясының отырысы өткізіліп, комиссия шешіміне сай 25 оқушыдан тұратын физика-география, 14 оқушыдан тұратын химия-биология бағытындағы лицей сыныбы жасақталынды. Мектеп сайтына қабылдау комиссиясының хаттамалық шешімі жарияланды. Конкурстан өткен оқушылардың ата-аналарымен қашықтан жиналыс өткізіліп, мектептің ішкі тәртіп ережесі, құжаттарды қабылдау бойынша Egov.kz порталында қалай жүзеге асатындығы туралы түсініктемелер берілді.