Мектептің 2020-2021 оқу жылына оқушыларды қабылдау жоспарына сай 12 тамыз күні 10-сыныптарға қосымша қабылдау емтиханы өткізілді
Мектеп директорының 11 мамырдағы №45 бұйрығына сай 10-сыныпқа (химия-биология бағытына) оқушыларды қабылдау жоспарланған жұмыс кестесі бойынша жұмыс жүргізілді. «№41 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «10-сыныптарға қабылдау (лицей сыныптарға)» қабылдау комиссия отырысының №2 хаттамасының шешіміне сай (3 п) тамыз айында қосымша конкурс жарияланды.
11 тамыз күні сағат 9.00-13.00 және 14.00-18.00 дейін конкурсқа өтініш және құжаттар қабылдады, барлығы 9 оқушының ата-анасынан конкурсқа өтініш, қажетті құжаттар тапсырылып, 12 тамыз күні қабылдау емтиханына барлығы 9 оқушы қатынасты. Емтихан өту кестесіне сай сағат 10.00-12.00 уақыт аралығында химия, биология, математикалық сауаттылық, Қазақстан тарихы пәндері бойынша санитарлық талаптарды сақтай отырып информатика кабинетінде өткізілді. Кабинетте кезекші мұғалімдер болды. Емтихан ережеге сай өткізілді. Дәлізде жауапты кезекшілер міндетін атқарды. Кабинеттегі кезекшілер уақытында оқушылардың жұмысын жауапты кезекші директордың орынбасары Ж.Жолдасбаеваға оқушымен бірге тапсырды. Емтихан жұмыстарын бағалаудағы даулы мәселелерді шешу үшін құрылған жұмыс тобы тексеріп, 12 тамыз күні сағат 18.00 де емтихан қорытындысы жарияланды. 13 тамыз күні сағат 10.00-де қабылдау комиссиясының отырысы өткізіліп, комиссия шешіміне сай «10-сыныптарға қабылдау (лицей сыныптарға)» қабылдау комиссия отырысының №2 хаттамасының шешіміне сай (3 п) алынған 14 оқушыға қосымша 9 оқушыны қабылдап, толымдылығы 23 оқушыдан тұратын сынып жасақталынды. Мектеп сайтына қабылдау комиссиясының хаттамалық шешімі жарияланды. Конкурстан өткен оқушылардың ата-аналарымен қашықтан жиналыс өткізіліп, мектептің ішкі тәртіп ережесі, құжаттарды қабылдау бойынша Egov.kz порталында қалай жүзеге асатындығы туралы түсініктемелер берілді.